ЖЕКСЕНБІ
Құдайым маңдайын сүрткенде,
Зəу көктен орнады қара жер.
Дəл маған əзірше кілт берме,
...Ақ шəлі киген қыз бара бер.
Жексенбі. Құлақтың əлдиін
Уілдеп салар тек жел ғана.
Жүрмейді ешкімнің дəргейі,
Тыныштық келгенде өлді ара.
Жексенбі. Ақырғы сүйісу
Өлімнің ерніне шөліркеп.
Қаңырап қалғанда үй-іші
Терезе орнында темір тек.
Жексенбі. Жүрегім сескенді,
Айға да шығып ап арман сол.
Жыр жаза бастадым төске енді,
Нəрестең шырылдап қалған соң.
Мына ісің қарашы ұрының,
Наталья көзіңде ақ түнек.
Ақырғы тамшының дірілі,
Пушкиннің кірпігін жапты кеп.
Ал маған Меңсұлу тамшысы,
Кірпікке жіп болып түйілер.
Соңғы акт. Керемет əртісім!
Ендігі мекенге жиі кел.
Жексенбі. Маңдайды сүрттім кеп,
Қара қыз өксіген қара өлең.
Ақ шəлі киген қыз кілт бермек
...Теңселіп келемін қаламен...
Жексенбі...