05.06.2022
  112


Автор: Ерболат ҚУАТБЕК

ҚЫЛМЫСКЕР

Мен бүгін сені өлтіруім керек,
Əйтпесе мені жаншып тынасың.
Ойларым байғұс мертігіп...кенет,
Талаққа тастап мансұқ қыласың.
Қара қылмыскер, қара орамал
Іштегі «жеті» сəбиім қайда?!
Қырда жылаған балама обал,
Естіліп жатыр нəби-үн сайда.
Қарқылдап күлдің мелшиген бейбақ,
Орындығыма отырып алып.
Жерді еміреніп, мен сүйген күй-бақ,
Қылардай, сірə, «жетіні» ғаріп.
Есімді жисам қан сорғалап тұр,
Қара орамалдан аппақ түс тамып.
Жыр тауға қарай əн жорғалап бір,
Шайқас əлемге нақ тартыс таныт.
Таңып жатқандай жарамды үндістер,
(Мекенсіз құсты сатқын құс дер кім?)
Жағамды ұстаған қара қылмыскер,
Қалам ұстаған ақ қылмыскермін!





Пікір жазу