05.06.2022
  137


Автор: Индира Кереева

АДРЕСАТСЫЗ ХАТ

Тəңірім…
Қатарымнан не кеміттің?!
Жетегінде келемін жегі-үміттің…
Туа сала тастанды атандым да,
Терезеден телміріп сені күттім…
Анашым…
Серігі ме сағыныш, ой – баланың?!
Жақсы еді ғой телміртіп қоймағаның…
Мені келіп бассаңшы бауырыңа,
Мүмкін емес мүлде енді ойламауың…
Көзім кімге ұқсайды?
Өзім кімге…
Сені аңсамай, анашым, көз ілдім бе…
Жүрегіңнің бөлшегі шырылдап жүр,
Сенде ешқандай жоқ па еді сезім мүлде…
«Сағындым» деп өзіңді жазам Айға…
Мұң-наламды бірге ол да азалай ма,…
Ай арқылы мен сəлем жолдап жүрмін,
Түнде сені бір елес мазалай ма…
Анашым?!
 Жетімдіктің зарымен жағаласып,
Өмір кешіп жатырмын, жан анашым…
Ақ періштең сені іздеп шарқ ұрады,
Сен қалайша тым бейқам қала аласың…
Анашым…





Пікір жазу