05.06.2022
141
Алматыдағы алғашқы жыр
Уақыт бізді тәуелді қылып қойды анық,
Сағат санаймын түнімен ессіз Ой бағып.
Құрбылар болып біз бүгін Сіз жоқ қалада,
Туған күнімді тойладық.
Алматы – қала – күні ыстық, түні жаңбырлы,
Бұл жақта Ұят – етектен төмен, Ар – мұңды.
Сіз жоқта кеше мен қатты сыйлайтын бір Ақын,
Көңілімді қатты қалдырды.
Орысша біткен бұл жерде тілдің сүйегі,
Орыс тілінде жетеді сөз де киелі.
Бұл жақта Олар орыс пиғылмен ойланып,
Орыс Сезіммен сүйеді.
Бұл жақта небір Данышпандар да бар асыл,
Данышпандығы Ару мен Ардың арасы.
Астана деп ем Рухани, сөйтсем, Алматы –
Алымқорлардың қаласы.
Ей, Алматы, келмейді саған жалынғым,
Қондырдым сені босағасына Бағымның.
Бәрін де қойшы, момақан, адал, тұп-тұнық,
Мен Өзіңізді сағындым!