ҚАЙРАН ƏКЕ…
Қайран əке, кеш аунап, таң жүгірген,
Қара жолың қол бұлғап қалды ұлыңмен.
Маған кекшіл болма деп өзің тағы,
Төбелесіп барасың тағдырыңмен.
Қайдам əке, бақ емес сор тапқаным,
Қос жүрекке құйылып ортақ қаның.
Маған батыр бол дейсің, өзің бірақ
Қоштасатын сəттерден қорқақтадың.
Сен кетерде суылдап сұрақ қанат,
Бар жырымды желпіді бір-ақ парақ.
Маған батыл бол деп ап өзің тағы,
Алаңдадың артыңа жылап қарап.
Еркесі боп жаныма жат еріктің,
Балалықтың бармағын қате еміппін.
Маған мықты бол дейсің, өзің бірақ
Əлсіз жанын сездірдің əкеліктің.
Əйтпесе, əке, артыңда шұбап таңнан,
Шерлі жолда шаңыңмен шуақтанған.
Мен онсызда мықты екем көз жасыңды,
Көре тұра жыламай, шыдап қалған.
Шыдап қалғам, шамасы шыдатты Аллам,
Маған қарап сені де жұбатты арман.
Мен сондықтан мықты екем тік тұрғызар,
Асқар таудың өзін де құлап қалған!