05.06.2022
153
ТЕК МАҒАН ҒАНА ТАНЫС БІР АДАМ
Көктемнің кеші көрікті ғалам,
Жаңбырдан кейін көкмайса далам.
Жанымнан бейқам өтіп барады,
Тек маған ғана таныс бір адам.
Болмайын десем құр босқа алаң,
Нұр-жүрегіме жетпей тұр дауаң.
Мінекей, тағы кетіп барады,
Тек маған ғана таныс бір адам.
Не дейін енді жүрегім саған,
Сезімді қайтем өзің аңсаған.
Жаныман тағы тек үнсіз өтті,
Тек маған ғана таныс бір адам.
Сəтті сезімді жазса бір Аллам,
Жыр болып сірə, жүрекке тұнған.
Осылай үнсіз кете бере ме
Тек маған ғана таныс бір адам?..
Осылай жүрек салыпты бір əн,
Сағынышым деп жазып ғұмырға.
Ендеше мен де тек үнсіз кетем,
Қыз ғұмыры ғой. Жазықтымын ба?