05.06.2022
112
МҰҢДАНУ
Күндерімнің біткендей боп күмбірі,
Естілмейді маған таныс бір əуен.
Түндерімнің көтеріліп түндігі,
Бөтенсінді бүгін мені мына əлем.
Мұңдарыма мұң қосады түн үнсіз,
Періштедей пəк күйімде тұрар ем.
Таңдарымнан жыр тосамын үмітсіз,
Тізбегі көп, түйіні жоқ сұрақ ең.
Сүйген жүрек өртеп ыстық отына,
Шұғыласын маған қарай шашпады.
Мұң шатырдың жалғыз қалдым астында,
Жырым ғана менен жырақ қашпады.