05.06.2022
  141


Автор: Қазыбек БАЙЖҰМАНОВ

ҚЫЗ КӨКТЕМ

Құлпырған көктегі айда көрік бар-ды,
Ғашығын күткен жігіт өліп-талды.
 Қыз көктем оттай ыстық ықыласынан,
Қыс күйеу бойы балқып еріп салды.
Сыңғырлап күміс күлкі сырғалары,
Əндетіп ару құрбы жылғалары,
Жалғаған қос жүректі үшбу хаттай,
Жеңгетай келеді ұшып тырналары.
Басына асқар таудың бұлт үйіріп,
Қабағы аспан құда тұр түйіліп.
Ақырып арыстандай тез басылды,
Ойнатып найзағайын шырқ йіріп.
Жылы жүз күн құдағи жүз жасағын,
Сыйлады кемпірқосақ түзге сəнін.
Жайнаған жасыл желек масатыдан,
Кəделі жайып салдың қыз жасауын.
Көрмеген төрт түлігі мүлде азайып,
Жер ана, тау əке де бір ғажайып.
Еншісін ер баланың ерте қамдап,
Шығыпты қалыңмалды қырға жайып.
Жолына қос ғашықтың төгіліп гүл,
Аспаннан шапағат нұр себіліп тұр.
Көктемнің жел қосылып сыңсуына,
Құлазып күн жарықтық егіліп тұр.





Пікір жазу