meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  246


Автор: Қазыбек БАЙЖҰМАНОВ

ОЙХОЙ, ОТЫЗ!

Ойхой, отыз маған да кеп қалдың ба?
Бағытыңды адаспай бетке алдың ба?
Ордаң болса көрсетші ойрандайын,
Сақпаның да қажетсіз, шоқпарың да.
Ойхой, отыз, лапылда отты өлеңім,
Қанат қақсын қиялым көкке керім.
Айдынына арманның желкен жайып,
Көсілтейін көңілдің көк дөненін.
Ойхой, отыз! жиырмаңдай болма бұзық,
Дəурен еді-ау расында ол да қызық.
Қырықта қамал алып қарық қылмас,
Отызда алмаған жан орда бұзып.
Ойхой отыз, балалық сенен қалды,
Ойхой отыз, балалық менен қалды,
Отызымда емес пе орда алғаным,
Өлмейтұғын қалдырсам өлең мəңгі.





Пікір жазу