05.06.2022
  117


Автор: Нұргүл Оқашева

ӨКІНІШ

Көмескі ойлар көңілге сеуіп қаяу мың,
Есіріп жүріп аспадым құлақ есті үнге.
Еркелікпенен етегін ұстап анамның,
Есейгенімді есіме алдым кеш мүлде.
Көріксіз мінез көңілден қалай өшер мұң,
(Содан-ау, бəлкім, қайырылып жүр қанатым.)
Аспандағыны əпер деп байғұс шешемнің,
Тауысып біттім топшысы тастай тағатын.
Белімнен түскен бұрымым бұйра. Өргеннің,
Ғажап деп жүріп мазақ қып кеттім талғамын.
Қалаға барып шаштараз іздеп сенделдім,
Бүгінгі күннің Жібегі болу арманым.
Анамның тұнық тілегін аяқ асты ғып,
Жетесізбін-ау, жеңілтек ойды жөн деппін.
Əкетайымның қабағы жасап жат қылық,
Тіл қатпай қойды он бес күн.
Түсіндім бəрін, түсінбеу енді жат ұғым,
Орынсыз жерде ойнақтамаймын есіріп.
…Таяздап барып ұзарып кетті ақылым,
Бұрымым қалды кесіліп…





Пікір жазу