04.06.2022
  155


Автор: Айжан ТАБАРАКҚЫЗЫ

МАҒАН БҮГІН...

Маған бүгін қайғыны айтпа, қайғыны!
Сен жайлы Арман – жүрегімнің байлығы.
Тағы да Түн.
Сен емес
жанарымды аймалайды Ай нұры.
Мұңды да айтпа, мұңды да!
Кірпігіме тағы да сол, бір мөлдір шық тұнды ма?
“Қызғанамын” деуші едің ғой, ал қызған,
Құшағына алып жатыр Түн мына.
Нені ұқтым мен осы,
Сен жайлы ойдың сөгілгенде көбесі?
Тым болмаса мөлдір мұңға мендегі,
Тимесе екен Тағдырымның жебесі.
Жұлдыз ақты тағы да,
Бисмилла... бағым шығар... Бағым ба?
Мендегі ойлар сен жайлы –
Ешкім əлі қол сұқпаған қазына.





Пікір жазу