04.06.2022
120
![](/uploads/shorttexts/author_image/9vktmjma7xd8hger6mmxle9yvr-qpw8cotabdf8cjv3l-edmswefq-2fqijtpn-ydf7bejvi.jpg)
ШАҚТАР-АЙ…
Саялы бақта гүлменен,
Тағатсыз күткен шақтар-ай.
Сағына жазған жырменен,
Жауапсыз кеткен хаттар-ай.
Келмейтiн сенi құр күткен,
Ұйқысыз ұзақ түндер-ай.
Тең болған жаным Мұңлықпен,
Сиықсыз суық күндер-ай.
Арманнан безiп алдаған,
Сен деумен тозған төзiм-ай.
Жауапсыз қалып жаураған,
Сенделген жетiм сезiм-ай.
Жалғыздық əбден жүдеткен,
Құсаға толы көңiл-ай.
Қиялмен ғана күнелткен,
Тұсаулы бəрi өмiр-ай.