04.06.2022
142
Екеуміздің арамызда....
Екеуміздің арамызда,
Тіл қатады қашықтық,
Қолымызды бұлғатады ғашықтық.
Телефонның тұтқасынан ентігіп,
Тілдесуге асықтық.
Мен қиялға еріп кеттім елігіп,
Сен де ұялма, еркелетсе сері үміт.
Қара түнде оянды да керіліп,
Əлем осы кетті ма екен желігіп?
Бірер сөзді шыныдағы буға мен,
Жазғанымда күн күркіреп тулап ең.
«Янка, сені сүйем» деген үш сөзім,
Өлеңіме сыймай қалған шумақ ең.
Буға жаздым,
Бу ұшқанда со сөзім,
Көкке қарай көтереді қоса өзін.
Періштелер сонда бізге не дейді?
Мүмкін мені жебейді...
Мүмкін түкте демейді...
Демеуде ме, жебеуде ме əңгіме?
Онсыз-ақ та атады ғой таң күле.
«Янка, сені сүйем» деген жазу сол,
Маңдайдағы жазу шығар мəңгіге.