04.06.2022
186
МҰРАЖАЙДА
Денезордың қаңқасы да,
Өткен ғасыр таңбасы да,
Бабамыздың арбасы да,
Қайыршының дорбасы да,
Бəрі-бəрі бар мұнда!
Соғыстардың қасіреті,
Ұлы ерліктер бас иетін,
Ел-жұртымның қасиеті,
Қазағымның өсиеті
Тұр ғой көзім алдында.