04.06.2022
115
Алмайтын бір нəрсені білмей тыным...
Алмайтын бір нəрсені білмей тыным,
Көп екен білгенімнен білмейтінім.
Аяқтың кер кеткенін көзім көрді,
Білсем де аяқ кейін жүрмейтінін.
Куəлар табылса да құптайтұғын,
Көп екен əлі күнге ұқпайтыным.
Шыққан зат кіргенменен, кейін білдім,
Есіктен кірген заттың шықпайтынын.
Білсем де су отынның жанбайтынын,
Көп екен көре тұра нанбайтыным.
Өткенде жылдар жылжып бір-ақ білдім,
Береген алаған қол болмайтынын.
Жалғанның көріп жүрміз көрмейтінін,
Адамның біліп жүрміз сенбейтінін,
Білгенмен, амалың не, айтқан сөздің
Көбіне іспен сəйкес келмейтінін.