04.06.2022
161
Адамның тіршілікте көп құмары...
Адамның тіршілікте көп құмары,
Болады атаққұмар, баққұмары.
Шылымға құмар болма сəн екен деп,
Түбінде қос өкпені жеп тынады.
Жүзеге асқандай-ақ түгел ісің,
Өзгенің мінін көрсең, күлемісің?
Араққа əуес болма таза екен деп,
Ішінде у жатқанын білемісің?
Əйтеуір, көп адамды қайран қылдың,
Жалғанда тұрлауы жоқ сайран қылдың,
Алмаға үйір болма құрты жоқ деп,
Дəрілеп қоймағанын қайдан білдің?!