meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  132


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖАМАН АТ

Дүниеқоңыз домалатса құмалақ,
Жұрттың көбі жатады оны кінəлап,
Мысық-сынды жүрген тышқан қуалап,
Ұршықтағы жіппен ойнар сұғанақ.
Ерінбестен иірген жіп домалақ
Талай үйді жүруші еді аралап.
Орамалды, қолғап пенен шұлықты
Осы күні жатқан кім бар бағалап?!
Дүниеқоңыз адам көрсек, жобалап,
«Тезек терген сорлы!» – дейміз табалап,
Қалмайды екен, қанша пысық болса да,
«Қи жинаған» деген, бірақ, жаман ат.





Пікір жазу