04.06.2022
112
Тұрса да алда жол айдын....
Тұрса да алда жол айдын,
Үлгірмей жырын тыңдатып,
Лақтырған тастай талай күн
Құрдымға кетті шым батып.
Діттеген жерден шыға алмай,
Аспанға атқан құр оқтай,
Талай күн жылжып жыландай,
Жоғалып кетті сынаптай.
Соңынан ешкім жүгірмей,
Домалап кеткен жүн доптай,
Екені қайда білінбей,
Талай күн кетті тіл қатпай.
Белгісін салған қаншама,
Күндердің кеткен іздерін,
Айларым алыс қалса да,
Жылдардан жеткен іздедім.
Іздедім, бірақ, таппадым,
Мінгендей арман кемесін,
Жүректе ғана сақтадым
Күндердің сол бір елесін.