04.06.2022
  107


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Біреулерге – бетбұрыс...

Біреулерге – бетбұрыс,
Біреулерге – тек тұрыс.
Асты қайтіп ішесің
Түсіп кетсе көп бұрыш.
Біреулерге – өзгеріс,
Біреулерге – тез келіс.
Бірін бірі алдаумен
Таусылмайды сөз беріс.
Біреулерге – қылған іс,
Біреулерге – қызғаныш.
Мінездерін көргенде
Кетеді екен мұздап іш.
Біреулерге – алданыш,
Біреулерге – жанбағыс.
Жиып тастар ұятты,
Болмаған соң ар-намыс.





Пікір жазу