04.06.2022
131
ҚАНАТ ҚАҒА АЛАР МА?
Қыбырлаған қоңызды,
Жыбырлаған құртты да
Іс атқарса маңызды,
Қыран дейді жұрт мына.
Болса да бұл күмəнді,
Жар салады жаршылар.
Шың басына жыланды
Апарғандар бар шығар.
Орындалса міндетің,
Мақта, мейлің, мақтама,
Көлбақаның суретін,
Ілдік «Құрмет тақтаға».
Заман қалай түзелмек,
Қарғаларды əппақ деп,
Білімсіздер білем деп,
Қаптап кетті шатпақ көп.
Тырбанғанмен табанда
Кім алады удан бал?!
Қанат қаға алар ма
Жылжу үшін туғандар.