КАРТА ТУРАЛЫ ЕКІ ӨЛЕҢ
1.Көзір
Бір купеде төрт адам
Отыз алты картаны
Өткізуге уақытын,
Қайта-қайта тартады.
Қолың шықса, абайла,
Керек емес көп ақыл,
Ойынышының қалайда
Ұтыстары сұрапыл.
Кейбір карта лезде
Көзір болып қызынды,
Алтылық та бұл кезде
Алып ұрар тұзыңды.
Қорлық көріп патшалар,
Зар иледі ханымдар,
Түк қоймады, пəтшағар,
Көзір дейтін залымдар.
Қонып тұрса бақ дара,
Қылғытпаса обал-ды,
Болса-дағы қап-қара,
Қызылыңды жеп алды.
Көре қалсам кей кезде
Карта ойнаған ортаны,
Есіме алам сол кезде
Көзір болған картаны.
2.Кімдер басым?
Алты басым жетіден,
Жеті басым сегізден,
Сегіз басым тоғыздан,
Тоғыз басым ондықтан.
Карта ойнаудың заңы бұл,
Біліп алғын сондықтан.
Көрген жұрттың тілі ұзын,
Жетіп тұрса төзімің,
Қолда болса көзірің,
Қиындықтан өтесің,
Бəрін басып, жетесің
Мақсатыңа өзіңнің.
Бірі шекер, бірі бал,
Картаның төрт түрі бар.
Екеуі оның қып-қызыл,
Екеуі оның қап-қара,
Шапса қонар бақ қана,
Қолың шықса, жүріп ал!
Сардар* саннан жоғары,
Ханымда* қас-қабағы.
Патша* болса солардың
Бəрін басып алады.
Білсең карта амалын,
Тек Тұз одан жоғары.
Карталардың таласы,
Қызыл менен қарасы,
Бəрін тізіп қойсаң да,
Тұздың , бірақ, жай санға,
Көзір болып шықса егер,
Келмей қалар шамасы.
Қайтарам деп қарызды,
Жан ұшырса жаны ізгі.
Қандай карта келер деп,
Басып көрсе əр ізді.
Мына фəни жалған да
Карта ойыны тəрізді.