04.06.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бір кездері тұратұғын балбырап

Бір кездері тұратұғын балбырап
Жапырақтар төмен қарап, салбырап,
Бұтақтардың кірпігіне мұз қатып,
Ойға батып, томсырайып қалды бақ.
Жас шыбықтар пана іздесе маңайдан,
Солған гүлдер жатыр жерде қарайған.
Мақтанады сол қалпымда қалдым деп
Қарағайлар инелері сорайған.
Артта қалса қызық күндер кешегі,
Тіршіліктің түгенделер есебі.
«Бастан бəрін өткергенің дұрыс!» - деп,
Көк аспанда ақша бұлттар көшеді..





Пікір жазу