04.06.2022
110
ҚАР ЖАУДЫ ДА...
Қар жауды да, жасырынды тозаң-шаң,
Ақ мақтадай таза үміттен жаралсаң,
Арманың не түсің суық болса да,
Қардай болып кір-қоқысты жаба алсаң.
Бірақ, ертең біреулердің аяғы
Əппақ қарды тағы былғап қояды.
Ол былғаныш қар еріген кезде де,
Кесепатын төңірекке жаяды.
Асау бұлақ, арналы өзен, тар жылға,
Арылады жұққан дерттен əр жылда.
Адамдар да тұру керек тазарып,
Шомылғандай жаңа жауған жаңбырға.