04.06.2022
  217


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ТАҒЫ ДА БАҒДАРШАМ ТУРАЛЫ

Жанып тұрса алдыңда жасыл жарық,
Бəрінен де сол жарық – асыл жарық.
Жана қалса бір мезет қызыл жарық,
Кетеді екен кейбіреу қызуланып.
Кетпеуі үшін əлдекім бұзып-жарып,
Қысылғанда керегі – сары жарық.





Пікір жазу