04.06.2022
92
Өлең, шіркін, біліп алып күйімді....
Өлең, шіркін, біліп алып күйімді,
Жылқышыдай шашау қылмай үйірді,
Қолдың өзі машықтанып алған соң,
Күнде келіп ашытады миымды.
Күнде осында көріп жүрсем жаратпай,
Шайқаламын су көп қосқан шалаптай,
Сағынысып көріскенге не жетсін,
Анда-санда үйге келген қонақтай.
Біздің үйді көрсем дейтін адам көп,
Құтты қонақ келсе болды адал боп,
Келген жырды ақ қағаздың бетіне
Қондырмауға, бірақ, мүлде шарам жоқ.