04.06.2022
  478


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ДОСҚА БАТА

Күн мен ай, жарық шашқан, сен аман бол,
Қара жер, аяқ басқан, сен аман бол!
Бас аман, бауырымыз бүтін болып,
Жүретін күліп-ойнап ел, аман бол!
Асты-үсті қара жердің тыныш болсын,
Көршінің саясаты дұрыс болсын!
Үйіңнен кұтты қонақ арылмасын,
Өмірі көрмегенің ұрыс болсын.
Қарсы алып отауыңда мерекені,
Дастархан бола берсін берекелі.
Жаурасаң, осы батам шуақ болып,
Аптапта саяң болсын көлеңкелі.





Пікір жазу