04.06.2022
99
СӨГЕР ЕДІМ...
Сөгер едім жат өлкеге асықтың деп ақ қарды,
Биіктіктен қалқып түсіп, аяқтарға тапталды.
Сөгер едім көбелекті жүрмейсің деп жайыңа
Түсіп кетті алдымдағы құйып қойған шайыма.
Сөгер едім жарымды да құмарсың деп егеске,
Ал махаббат таусылмайтын ұзақ дастан емес пе?
Сөгер едім мен өзімді: «Білмейсің, – деп, – құныңды»,
Кешіріңдер, ақтарылып айтып қойдым шынымды.
Мінін тауып сөгер едім, сөгер едім барлығын,
Сескенемін...
Мына мені сөгіп жүрер алғы күн.