04.06.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сенің жаның сірідей...

Сенің жаның сірідей,
Менің жаным қайыстай.
Шаққандар да болды бізді бүйідей,
Өмір жүгін көтергенбіз қайыспай.
Сенің жаның шөніктей,
Менің жаным талыстай.
Тағдыр желі үрлегенде көріктей,
Сынбасақ та, майысқанбыз қамыстай.
Болғың келсе ауылнай,
Болсам керек болыстай.
Жан-тəніміз бірге туған бауырдай,
Жүрейікші тек қатардан қалыспай.
Өншең жүйрік бара жатса қырды асып,
Қалай шыдап тұра аласың жарыспай?!
Өтейікші мəңгі-бақи сыйласып,
Мұхтар менен Қаныштай.





Пікір жазу