04.06.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ШАҚЫРЫМДАР

Шақырымдар, созылған шақырымдар,
Өздеріңе мені де шақырыңдар.
Ендігінде арманның дəл тұрыңдар,
Қиял жетер қияға шарқ ұрыңдар!
Ізденейін жалықпай, қарманайын,
Күндеріме үзілген жалғанайын,
Сендер барда аялдап тоқтамайын,
Мақсатыма кешікпей аттанайын.
Шақырымдар жер басып, көкке өрлейтін,
Көк пен жерге сіңісіп кеткен дейтін,
Өміріме мəңгілік жазыларсың,
Құс жолынан əрі де созыларсың.
Қара жолдар өшкенше жер бетінен,
Жатарсыңдар таралып елге түгел,
Өздеріңе мені де шақырыңдар,
Шақырымдар!
Созылған шақырымдар!





Пікір жазу