04.06.2022
119
ЖЕРДІҢ ШАРЫ ДӨҢГЕЛЕК
Жердің шары дөңгелек,
Белдеулері он бөлек,
Ұшар шыңға шығам деп,
Біреулер жүр өрмелеп.
Құстар жүзсе көлде көк,
Төрт түлік мал жерде көп.
Жерді айналып шықсаң да,
Бір жасайсың елге кеп.
Босағаны төр ме деп,
Қуанасың сен де ерек.
Басы қайда, білмейсің,
Жердің шары дөңгелек.
Жинасаң да мың дерек,
Бүгін жырлар жыр бөлек,
Көруге оны көз керек,
Айтуға оны тіл керек!