04.06.2022
134
КЕШЕГІ АУЫЛ КӨЗ КӨРГЕН
Кешегі ауыл көз көрген
Бүгін мүлдем өзгерген.
Дөкей бастық болмасаң,
Қарсы алмайды кез келген.
Енелері күйбеңдеп,
Келіндері сүйреңдеп,
Балалары шүлдірлеп,
Кімнен үлгі үйренбек?!
Піскен асты күйген деп,
Сүймегенді сүйген деп,
Қай қылықтан жиренбек,
Қай қонақтан именбек?!
Кешегі ауыл көз көрген
Теңесіпті өзге елмен.
Барғым келмей тұр,бірақ,
Сол ауылға сіздермен.