04.06.2022
104
Қарашықты қоршаған
Қарашықты қоршаған
Қара көздің ағындай,
Ауылыңды аңсаған
Тұра алмайсың сағынбай.
Қасиеті ауылдың
Көзден бал-бұл ұшқанда,
Тауқіметін қауымның
Тілемейсің дұшпанға.
Болмаған соң жол анық,
Қылжақтары қаланың
Шаншу болып қадалып,
Көтере алмай қаламын...