04.06.2022
  159


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қылыш болсам мен егер...

Қылыш болсам мен егер,
Қаһарымды жауға ғана төгер ем.
Алтын болсам мен егер,
Елге қажет заттың бəрін сатып алып берер ем.
Ағаш болсам мен егер,
Жапырақ жайып, жасыл түске бөленем,
Қыран болсам мен егер,
Зеңгір көкті бір айналып келер ем,
Мұның бəрі бола алмаймын, дегенмен,
Не де болса, көнер ем.
Адам деген ардақты атқа
дақ түсірмей өлер ем.
Бір жүрер ем ғасырмен,
Міне, осыған сене бер!





Пікір жазу