04.06.2022
  129


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қара жерге аспаным шақ...

Қара жерге аспаным шақ,
Ажырамас достан құшақ.
Көзімді ашып-жұмғанымша,
Кетіпті өтіп қас-қағым сəт.
Оң-солымды білген кезім,
Күліп-ойнап жүрген кезім.
Желге қалқа болған жоқ па
Тұрған кезде іргеде өзім.
Жақындарым жатқа айналып,
Нала-мұңым шоқтай қарып,
Өкінішім өзекті өртеп,
Барады ішім оттай жанып.
Əсер етіп өлеңге күз,
Көптен жырақ, бөлек жүрміз.
Сыртым жанса, су шашам ба,
Ішім күйсе, себем бе тұз?!
Айқара ашса өмір есік,
Жүрсем, тұрсам, сөз ілесіп.
Алаңдаймын, тастай алмай,
Өз қолымды өзім кесіп...





Пікір жазу