04.06.2022
120
Күн ұзарды, түн қысқарды...
Күн ұзарды, түн қысқарды,
Аяқталмай көп іс қалды.
Қалай, қайтіп жібітемін
Ерімеген іште қарды.
Өсер бойлап жаңа шыбық,
Өмір сүрем аласұрып.
Көктемнің де өкпек желі
Секілді ғой қара суық.
Бұлттар көшіп жатыр, əні,
Езілді жер топырағы.
Кəрі ағаштар қалтырайды,
Шықпай жатып жапырағы.
Алшаң басып жүрсем тыста,
Жаурамап ем күз бен қыста.
Жадыратшы мені, көктем,
Онсыз-дағы өмір қысқа.