04.06.2022
  106


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚЫСҚЫ БАҚТА

Ағаш біткен əсем көркін кетіріп,
Жап-жалаңаш сидиып тұр құнтиып.
Жапырақтар ағаштардан секіріп,
Қар астынан көрінеді қылтиып.
Солқылдаған көк теректер жігіт те,
Ақ қайыңдар көрінеді қыз болып.
Еріп кеткен ақша қар бір үмітпен,
Бұтағына қатып қапты мұз болып.
Бір-біріне сыбырлайды: «Кетпе!» – деп,
Сағынышы тұрған шығар басылмай.
Мөлдір моншақ жігітіне өкпелеп,
Қыз көзінен тамып түскен жасындай.





Пікір жазу