04.06.2022
135
САРҒАЙҒАН ЖАПЫРАҚ
Сап-сары қабірдің жанында
Қап-қара бір уыс топырақ...
Өмірге құлшынып,
Жас шыбық тұр шығып.
Бұтақта қалтырап жапырақ.
Жаз – жасыл, күз – сары, қыста əппақ,
Түр-түсін өзгерткіш жапырақ ақымақ.
Бұтақта мəңгілік тұрмайды салбырап,
Суықта түседі саудырлап,
Өткенін аңсайды
Сұп-суық қара жер қойнында жатып ап.
Сауықты, сайранды күндері ойлаған
Басымнан ешқашан кетпес деп осы бақ.
Қарасаң үңіліп,
Үстіне қап-қара топырақ шашырап,
Жатыр ғой үгіліп
Бір кезде жап-жасыл,
Ал енді сап-сары, шіріген жапырақ.