04.06.2022
  91


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қоңырқай күзде қалтырап тал...

Қоңырқай күзде қалтырап тал,
Тағатын тағы тауысады.
Сарғайған асыл жапырақтар
Созады сары саусағын.
Көк жүзін тұман құрсаулап,
Тəкаппар таулар жылайды.
Аспанның жасы тұр саулап,
Сыңсыған баулар мұңайды.
Көктемдер өтіп, бізге де
Салқын жел соқса, қайтер ек.
«Келді, – деп, – жетіп күз неге?» –
Шайқайды басын бəйтерек.
Тəтті үміт, балдай таза мұң
Жатқандай құшып даланы,
Күз желі айтып өз əнін,
Қаңбақтар көшіп барады.





Пікір жазу