04.06.2022
102
КҮЗ КӨРІНІСІ
Күн райы бұзылды да қас қағым,
Кездейсоқта кетті көктен жас тамып.
Жаңбыр ұзақ тұрып алды себелеп,
Таулар жатты ала бұлтты жастанып.
Салқын күздің келгені ме анық бұл,
Ағаштардың сəні кетіп қалыпты.
Жайраңдаған жаз күнінен өзгеше
Киімі де көшедегі халықтың.
Табиғаттың сəн-көркінен сыр аулап,
Ойға шомып қалған екен мынау бақ.
Автобусқа сыймай қалды біраз жан,
Жұрттың көбі кеткен білем «жуандап».
Күздің демі жайлағандай ауаны,
Сол қалпынан өзгермеген тау əлі.
Тығылысып жалғыз шатыр астына
Сыр шертісіп екеу кетіп барады.