04.06.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Достарым көп пе...

Достарым көп пе,
дұшпаным көп пе, білмедім...
Өзім де Қожанасырмын...
Айтам деп өкпе,
жақынды кейде тілдедім,
Қаншама досты қашырдым.
Көзіңе күліп,
сыртыңнан сені сөз етер,
Өздері сүттей ақ болып.
Жан-жүйем іріп,
шекем де сонда тыз етер,
Құрулы қақпан тап болып.
Жүрегім – жамау,
көңілдің тоны шұрық тесік,
Шапаны сынды Алдардың.
Жан-жағым қамау,
кеткендей барлық жұрт көшіп,
Осы ма сиқы жалғанның?





Пікір жазу