04.06.2022
89
КӨҢІЛСІЗ ОЙЛАР КЕЛГЕНДЕ
«Ұл туды»,– дейміз,
Ез қылмай, ер қып тəрбие берер
Адамың бар ма?
«Ұлт болдық»,– дейміз,
Ұлт қамын ойлар, ертеңге сенер
Заманың бар ма?
«Ер екен»,– дейміз,
Көп еді, шіркін, жақсылар неткен,
Жаманың бар ма?
«Ел екен» – дейміз,
Көл болып жатса көз жасың төккен,
Амалың бар ма?
«Қор болдық», – дейміз,
Басылмай өртің, бармағың шайнап,
Көрсетпей жасты.
«Не қылдық?» – дейміз,
Іштегі дертің қазандай қайнап,
Шайқайсың басты.
Қабағың қырау,
Жағаңа біреу жармасып жатса,
Етектен тартып,
Қазаққа мынау,
Ел-жұртқа тіреу болсаң да патша,
Өлгенің артық.