04.06.2022
114
Табиғат бір сəт серпіліп...
Табиғат бір сəт серпіліп,
Қар кетіп, құстар əндетіп,
Найзағай ойнап, жел тұрып...
Жауғанда жауын селдетіп.
Кəрі де, жас та жадырап,
Жап-жасыл болып жайлауым.
Ене мен қозы жамырап,
Жатқанда көшіп қойлы ауыл.
Алма бақ беріп жемісін,
Ырыздық толып қырманға.
Еңбегін емген ел ішін
Қуаныш кернеп тұрғанда.
Мезгілі жылдың алмасып,
Ақ ұлпа жауып жер төсін,
Іздерді жүрген қар басып,
Жамылса дала көрпесін.
Түспесе салмақ жүрекке,
Болмаса қайғы жүзіңде,
Ырзасың, жетсең тілекке,
Өмірдің қыс пен күзінде.