04.06.2022
  118


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Кешікпеді, көктем келді далаға...

Кешікпеді, көктем келді далаға,
Мен де келдім айлар салып араға.
Бұтақтағы мөлдір моншақ өзіңнің,
Ақ жаныңды елестетті, жан-ана!
Жанарыма сиғызып кең даланы,
Ойға шомып айналама қарадым.
Көлеңкесін жер бетіне түсіріп,
Баяу жылжып бұлттар көшіп барады.
Кім біледі, келе жатыр ол қайдан,
Мен, əйтеуір, өлең жазсам болмай ма?!
Құстар өтті қиқу салып төбемнен,
Əсем əуен талып жетті шалғайдан.
Шіркін, менің жан сырымды білер кім,
Туған жерді ойладым да түнердім.
Аспандағы тізіле ұшқан тырнадан
Ауылыма сəлем айтып жібердім ...





Пікір жазу