04.06.2022
  152


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АПАМА

«Сау жүрсе, түбі, бақ табар», –
Деп жиып ойдың күллісін.
Кешіге қалса хат-хабар,
Ініме ұрсып жүрмісің.
«Аулыңда туған жүре алмай,
Кеттің ғой алыс текке», – деп,
Мұныңды сыртқа шығармай,
Жүрмісің маған өкпелеп.
«Несі бар маған қарайлап,
Болды, – деп, – балам жат енді»,–
Жүрмісің, əлде көп ойлап,
Ертелеу кеткен əкемді.
Сағынған сəтте бара алмай,
Қайғыға сені салдым ба?
Көсілген жалпақ даламдай,
Тұрасың көзім алдында.





Пікір жазу