04.06.2022
  92


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жыпырлап тұратын жұлдыздар азайды....

Жыпырлап тұратын жұлдыздар азайды,
Адамдар азайды таза ойлы,
Ауыр ой жабырқау жанымды
Қиыршық тастай боп қажайды.
Біз-дағы көрдік қой талайды,
Төгілген таң нұрын, арайды.
Шуақты күндерің азайса,
Тылсым түн түнекке орайды.
Ақ қырау шалғанда самайды,
Абайла алыс пен маңайды.
Көзге де көрінбес жұлдыздан
Бойыңа жылылық тарайды.





Пікір жазу