04.06.2022
  102


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚҰРЫЛТАЙ ПОЙЫЗЫ

Сан ғасыр бойы бұйыққан халық
Көздерін ашты қалғыған,
Қырық шелпекті табаққа салып,
Сексен кыз шықты алдымнан.
Алаштың енді жақсысы төрде
Болса, оған кімдер таласпақ?
«Кесапат елге жоламасын», – деп
Əжей жүр отпен аластап.
Достардың сол сəт райын біліп,
Шыққанда алдан ту алып,
Шынай* ақынның шырайы кіріп,
Қуанған* тұрды қуанып.
Үш бірдей биін қасына ертіп,
Ортаға шықты Абылай.
Бейбіт күн туып басыма еркін,
Сақтай көр бізді, а, Құдай!
Не деген мынау ғажайып ырым,
Кеудеде жүрек бұлқынды.
Үш жүз боп келген қазағым бүгін
Тізерлеп, сүйді бір туды.





Пікір жазу