04.06.2022
  87


Автор: Ақылбек Шаяхмет

МҰҢЫМЫЗ БІРДЕЙ

ғалым-физик Тастемір Əбішевке
Көрсеттің тағы кісілік, кұрбым,
Өтпеген шығар босқа өмір.
Жаныммен сені түсініп тұрмын,
Мұңымыз бірдей, Тастемір.
Шашқаны көп те, жиғаны аз жерде,
Арпа ішіндегі бидайы сенсің.
Сиғаны көп те, иманы аз жерде
Сорпа бетіндегі қаймағы сенсің.
Ормандағы қарағайсың сен,
Сөйлемдегі одағайсың сен.
Соналар ұшқан гүлді өңірден
Бал жинаған арадайсың сен.
Не екенін білмей өң менен түстің,
Болады кейде бос көңіл.
Өзіңдей жанды сағынып кұштым,
Мұңымыз бірдей, Тастемір.





Пікір жазу