04.06.2022
144
АҒАЙЫН, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!
Кедейлер кейіп, байлар да жылап,
Ақылым əбден ауысқан.
Тарыдай кеше шашылған қазақ,
Сағынып келіп қауышқан.
Айналайын, бауырым менің,
Алдыңа сенің бас тартам.
Алтын мен жезін айырып елім,
Қосты ғой бізді дастархан.
Кетсін де мəңгі көңілден қылау,
Шайылсын кірдей нала-мұң.
Сімірші, бауырым, қымызды мынау,
Аңқысын иісі даланың.
Масайра, шаттан, əң салып бүгін,
Аққулар жүзсін көлімде.
Қандасым, сені қарсы алып тұрмын,
Тəуелсіз, еркін елімде.
Жандары əппақ жаралған нұрдан,
Қонақжай, анқау, тіл алғыш,
Атажұртына ат басын бұрған,
Ағайын, саған мың алғыс !