04.06.2022
  124


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚОЗҒАЛЫС

Қозғаласың бəрін-бəрін білем деп,
Қозғалады екі аяғың жүрем деп.
Қозғалады екі қолың алам деп,
Қозғалады қарашығың көрем деп.
Қозғалыс бар əрбір өткен күніңде,
Сөйлегенде қозғалады тілің де.
Тиіп-тимей қозғалғанмен ерін де,
Бар мəселе сөйлеуде емес, білімде.
Орындалмай қалса кейде тілегің,
Қиналғанда қозғалады жүрегің.
Қимылдасаң қан ойнайды тамырда,
Олай болса, қозғалыстың біл емін.
Ақ-қараны ажыратар көз барда,
Қозғалыстың пайдасы көп.


Сөз бар ма?!
Қозғал! Қозғал!
Бұлтылдасын бұлшық ет,
Тек жамандар көш бастаса –
Қозғалма...





Пікір жазу