04.06.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаңаны жат деп алмасаң...

Жаңаны жат деп алмасаң,
Көзіңнің қырын салмасаң,
Жақсыны қайтіп танисың,
Жанына жақын бармасаң?
Өткеннің бəрін өртесең,
Көнені танып, көрмесең,
Жаңашыл боп та, жарлы боп,
Аталы сөзді білмес ең.
Сүйетін болса кім егес,
Оның да күні күн емес.
Жаңаның бəрі жақсы емес,
Көненің көбі күл емес.
Болса да бүгін жол орта,
Ертеңнен үміт – омарта.
Жалын боп қайта маздар ма
Ошақта қалған қоламта?!





Пікір жазу